Горячие новости
Читайте также

СҚО-ның бас санитарлық дәрігері өз еркімен қызметінен кетті

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар аймақтарында коронавирустың жаңа деректерін жасыру фактісі барын мәлімдеді. Оның ішінде СҚО да бар.

Фото : СҚО әкімдігі20 ноября 2020, 18:34

Солтүстік Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігері ауысты, деп хабарлайды zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі Серікбай Қасмақасовтың жұмыстан өз еркімен кеткенін айтты.

Бүгіндері орнына Арман Кушбасов тағайындалды. Бұған дейін ол Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің медициналық көмек сапасына қатысты қауіп-қатерді бағалау бөлімін басқарған.

Солтүстік Қазақстан облысы коронавирусқа шалдығушылары деңгейі бойынша "қызыл аймаққа" енген. 20 қарашадағы жағдай бойынша облыста КВИ-дің 5 345 дерегі анықталды, оның ішінде соңғы бір күнде 85 жағдай тіркелді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар аймақтарында коронавирустың жаңа деректерін жасыру фактісі барын мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай фактілер Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай және басқа облыстарға қатысты тіркелген.

Солтүстік Қазақстан облысы статистикасында сәйкессіздіктер бар деп танылды, сондықтан қазір тиісті жұмыстар жүргізілуде.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии