Горячие новости
Читайте также

Заңнан жалтарған 10 қазақстандық Украинада тығылып жүрген

Соңғы 2 жыл 8 айда Қазақстан мен Украина арасында қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек сұрау саны көбейді.

Фото : platon.asia16 сентября 2020, 12:25

Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Украина арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялауды мақұлдады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Қазақстан үшін ТМД шеңберінде бекітілген халықаралық шарттардың күшін жою бойынша практикалық қадамдарға көшкен Украинамен құқықтық салада екіжақты шарттар жасасу маңызды. Қарастырылып отырған келісімшарт - біздің құқықтық қатынастарымыздың дамуындағы екінші шарт. Айта кету керек, соңғы 2 жыл 8 айда Қазақстан мен Украина арасында қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек сұрау саны көбейді. Біздің ел осындай 44 өтініш жіберді, ал Украинаға 13 өтініш жоданды. Сонымен қатар, осы уақыт ішінде Украина біздегі заңнан жалтарып, жасырынған Қазақстанның бес азаматын экстрадициялады. Біздің тағы бес азамат таяу күндері экстрадициялауға жатады, - деді Василий Олейник.

Осылайша, қарастырылып отырған келісім шеңберінде тараптар бір-біріне қылмыстық істер бойынша барынша заңгерлік көмек көрсетеді, өз еркімен қылмыстар мен қылмыстық қудалау туралы ақпарат береді.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии