Горячие новости
Читайте также

Концерттерде фонограмманы қолданудың жаңа тәртібі заңмен бекітілді

"Қисық арба жол бұзады", - деп қазақ халқымыз айтқандай, өнер әрқашанда таза болу керек - Нығматулин.

Фото : Мәжілістің баспасөз қызметі16 сентября 2020, 11:50

Бүгін Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Онда депутаттар Мәдениет мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Заң жобасындағы жаңашылдықтың бірі мәдени іс-шараларды ұйымдастырушылардың музыкалық шығармаларды орындаушылардың фонограмманы қолдануы туралы көрермендерге хабарлау талабына қатысты.Құжат жобасы бойынша концерт ұйымдастырушылар фонограмма туралы алдын-ала хабарлауы міндетті болады.

Осы ретте, фонограмма мәселесіне қатысты халықаралық тәжірибені алға тартқан Мәжіліс төрағасы депутаттар ұсынған фонограмманы қолдану туралы ұйымдастырушылардың көрерменге хабарлау міндеттемесін белгілейтін норманы қолдады.

- Егер заң жобасының үкіметтік нұсқасында фонограмманы пайдалану туралы ақпараттандыру міндеттемесі ұйымдастырушы мен орындаушылар арасында айқын болмаса, онда депутаттар нақтылауды ұсынып отыр. Біріншіден, бұл ұйымдастырушының міндеті. Екіншіден, ұйымдастырушы алдын-ала концертте фонограмманың болатыны-болмайтыны туралы көрерменге хабарлауға міндетті, - деді Нұрлан Нығматулин.

Фонограммаға қатысты сөзін қорытындылай келе:

- "Қисық арба жол бұзады", - деп қазақ халқымыз айтқандай, өнер әрқашанда таза болу керек. Әнді жанды дауыста айтқаны дұрыс. Ал, фонограмма болса, оны алдын-ала ескерту қажет. Және билеттің бағасы да соған сәйкес болу керек. Одан кейін, халық өзі шешеді, ол концертке бара ма, бармай ма? Әрине, концерт жанды дауыста болса, әншіге халықтың бағасы да, құрметі де жоғары болады, - деді Нұрлан Нығматулин.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии