Горячие новости
Читайте также

Данэлия America’s Got Talent шоуының жартылай финалында өнер көрсетті

Дауыс беру басталып кетті.

Фото : видеодан алынды16 сентября 2020, 09:57

Американдық Got Talent жартылай финалында Данэлия Төлешова өнер көрсетті. Оның келесі кезеңге өтуін, бұл жолы қазылар алқасы емес, көрермендердің дауысы шешеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жерлесіміз Jessie J орындауындағы "Who you are" әнін шырқады, Данэлияның жобадағы одан арғы тағдыры NBC арнасының ресми сайтында көрермендердің дауыс беруі арқылы шешіледі. Instagram-да жас әнші баршаны өзін қолдауды сұрады. Оған, тек АҚШ тұрғындары ғана өз дауыстарын бере алатынын баса айта кетелік.

"Мен қатты толқып тұрмын, өйткені қарсыластарым өте мықты, менің финалға шыққым келеді. Осы ту үшін біз бірнеше шығармаларды қарастырдық, бірақ ақыры "Who you are" әніне тоқтадық. Жартылай финалға арналып әннің ерекше аранжировкасы жасалды, оны көрермендер мен қазылар алқасы байқап, оларға бұл ұнайды деп сенім білдіремін, - деді Данэлия Төлешова.

Данэлияның сөзіне жоба судьяларының бірі Хоуи Мэнделл пікір білдірді.

- Дауыс Сіздікі деп ойлаймын. Менің ойымша, көрермендер Сізді бестікке алып шығуы керек. Өз басым, өзімді таланттар шоуының судьясы сияқты сезінбедім, құдды Сіздің концертіңізге келген секілді отырдым. Мәселе сенің қалай ән салғанында, тамаша екендігінде де емес. Мәселен, жаңа сахнаға шығар алдында қатты қобалжыдым дедің. Бірақ әнді орындауыңыз, сахнада өзіңізді ұстауыңыз қандай тамаша, әннің соңына дейін өзіңізді тамашалаудың өзі бір ғанибет. Сен қазірдің өзінде өз орынындасың, қазірдің өзінде жұлдызсың, жеңімпазсың. Енді бәрі американдықтарға байланысты, Сіздер бұл қызды финалға алып шығуларыңыз керек! - деді ол.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии