Горячие новости
Читайте также

Қырғыз елі Қазақстанның үстінен Дүниежүзілік сауда ұйымына шағым түсірді

Қырғыз тарапы Қазақстаннан жасырын сауда кедергілерін дереу алып тастауды талап етті.

Фото : Қырғыз Республикасы Экономика министрлігі14 февраля 2020, 14:55

Қырғызстан Қазақстанның үстінен ДСҰ-ға шағым түсірді. Қырғыз тарапы Қазақстан халықаралық сауда ережелерін сақтамайды деп санайды, деп хабарлайды zakon.kz.

2019 жылдың наурызынан бастап Қазақстанға Қырғыз Республикасын басып өтіп келетін транзиттік тауарлардың кешіктірілуі байқалды. Бұл Қазақстан билігінің тексерулерді қатайтуына байланысты, делінген Қырғыз Республикасы Экономика министрлігі таратқан хабарламада.

Жағдайды реттеу үшін, өткен жылы қырғыз тарапы Қазақстанға ресми хаттар жолдап, ДСҰ алаңында екіжақты консультациялар өткізді.

Онда қырғыз тарапы Қазақстанды бұл ыңғайсыз жағдайыды егжей-тегжейлі зерттеп, сауда кедергілерін алып тастауға және ДСҰ белгілеген ережелер аясында әрекет етуге шақырды.

Бірақ Қазақстан бұл ескертпелерге жауап берген жоқ. 2020 жылы 11 ақпанда Қырғыз Республикасы Экономика министрінің орынбасары Эльдар Әлішеров пен ДСҰ мәселелері бойынша Экономика министрлігінің өкілдігінің басшысы Нұрбек Мақсұтов ДСҰ мүшелеріне халықаралық сауда ережелері сақталмай, бұзылып жатқанын жеткізді. Олар тексерудің күшейтілуі салдарынан шекара маңында жиналып қалатын жүк көліктері 10 шақырымға дейін созылатынын, шекарада және мамандандырылған аумақта күніне шамамен 250-ге жуық көлік тұрып қалатынын да айтты.

Қазақстан Республикасының әрекеттері Қырғызстанның үшінші елдермен, сондай-ақ Қырғыз Республикасының әрбір жүк тасымалдаушысына сауда қатынастарына орны толмас зиян келтіруде, делінген хабарламада.

Сөз соңында Қырғызстан Қазақстанды тағы бір рет мәрте ДСҰ алдындағы міндеттемелерін бұлжытпай орындауға шақырды, сонымен бірге жасырын сауда кедергілерін дереу алып тастап, қырғыз тасымалдаушыларына кедергісіз транзиттік маршруттар ұсынуды талап етті.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии