Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

"ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясына 4 млн теңге айыппұл салынды

Бүгінде айыппұл сомасы мемлекет пайдасына өндіріліп алынды.

Фото : 24.kz14 февраля 2020, 10:50

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-тың Атырау филиалына 4 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-тың Атыраулық филиалын "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 164-бабының 4-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты. Компанияға 1600 АЕК, немесе 4 040 000 тенге сомасына айыппұл салынды. Бүгінде айыппұл сомасы мемлекет пайдасына өндіріліп алынды.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінен мәлім еткендей, "ҚазТрансГаз Аймақтың" заң бұзушылығы тұтынушыға заң шеңберінен тыс талаптар қоюға қатысты болған.

"Атыраулық филиал Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" Заңының 24-бабының 10-тармағының 3) тармақшасының талабын бұзған, онда реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділік ұсынылған кезде табиғи монополия субъектісіне, соның ішінде табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды сақтаудан басқа, өзге талаптарды тұтынушыға қоюға тыйым салынатыны айтылған", - деді комитеттен.



Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии