Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Нұр-Сұлтан полициясы Қазақстанда жемқорлықты дамытуды ұсына ма

Қазақстан 2020 деген осы. ІІМ реформасы басталайын деді ме?

Фото : Tengrinews14 января 2020, 15:38

Нұр-Сұлтан полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Малыбаев сенаторларға ҚР Заңдарына келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсыныпты:

1. Жүргізушілерді жазалаудың баллдық жүйесін қабылдау, өйткені жол ережелерін жиі бұзатындар ендігі ақшалай айыппұлдан қорықпайтын болған екен.

2. Заң бұзу деректерін хабарламағаны үшін басқарушы компаниялар, сондай-ақ үй тұрғындарына айыппұл енгізу.

3. Құрылысшыларды тұрғын үй және өндірістік ғимараттар құрылысының жобасын жергілікті полициямен мақұлдатуға міндеттеу.

4. Азаматтарға өз жекеменшік мүлкінің сақталуына қатысты әкімшілік жауапкершілік енгізу.

"Малыбаев мырзаның бұл ұсыныстарының бәрін талдап көрсек, оның астарында таза жемқорлық жатыр. Мәселен, баллдық жүйеде жүргізушілер куәлігінен айырылып қалмау үшін полицейлерге тым ірі көлемде пара беруге мәжбүр болады. Өйткені автокөлік қазір көптеген қазақстандықтар үшін жалғыз табыс көзі", деп жазады желіде журналист Ибраш Нүсіпбаев.

– Екінші және үшінші ұсынысының арқасында бұл елде полицейлер шынымен де Құдайға айналып, полициядағы кіші-гірім басшыларға дейін түгелдей Қазақстанның ең бай адамдарының қатарына бірден кіріп кетеді. Ал енді төртінші ұсынысы ақылға мүлдем сыймайды. Қылмыстың құрбаны болған жәбірленушілердің өзін жазалауды ұсынып отырғаны қалай, – деген сауал тастайды пост авторы.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии