Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Ақтөбеде туысқан ағасы мүгедек қарындасын екі жыл бойына зорлап келген

Ер адам кінәсін ішінара мойындаған.

Фото : newsmondo.it14 января 2020, 14:47

Ақтөбеде туысы екі жыл бойына II топтағы мүгедек қызды зорлап келген. Бұл жаға ұстатар оқиғаның facebook парақшасында "Не молчи" қоғамдық қорының өкілдері хабарлады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Ақтөбеде тағы бір жаңа ұстатар қылмыс орын алды! Жәбірленушінің туыстары біздің көмегімізге жүгініп отыр. 1966 жылы туылған ер адам туысқанының үйіне келіп, терапевтік массажды қажет ететін мүгедек қызға қарауға келіскен. Мұндай жағдай болады деп ешкім ойлай да алмады. Бойжеткен церебральды сал ауруынан бөлек мылқау да, деменция диагнозымен дәрігерлердің есебіне тұр, деп жазады автор.

Бір күні анасы туысқан ер адамның үйіне келгенін мүгедек қызы ұнатпайтынын байқаған, содан мұның жайын қызынан сұрастыра бастаған. Бастапқыда қыз үндемеген, содан кейіннен анасына шындықты ашып, ер адамның бірнеше мәрте өзін зорлағынын айтқан .

- Тергеу мен тексеру кезінде сурдоаудармашының көмегімен қыз ненің қай жерде, қалай болғанын, бәрін түсіндіріп берді. Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, мұндай жағдай бірнеше рет әр бөлмеде болған. Ол анасы екеуі ағасын өзін қай жерде зорлағанын бірге көрсетті. Мылқау болса да ол өз эмоциясымен оны қалай жек көретінін жеткізді. Жаның ауырады, - деп жазды автор.

Жазба авторының айтуынша, ағасы басқалай сөйлеп жатыр. Ер адам жиені өзі келіп қырындап, азғырғанын және мұның тек бір рет болғанын айтыпты!

- Сараптама зорлық-зомбылық жасалғанын растады, тергеушілер, сарапшы психологтар мен прокурорлар үлкен жұмыс атқарды. Мүгедектігі бар дәрменсіз қызды бірнеше рет зорлағаны үшін туысқан ағасын ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша соттауға айғақтар жеткілікті. Бірақ белгілі бір проблемалар бар, сондықтан туыстары мен достары бұл масқара жайтты бөлісіп, әділеттілікке қол жеткізуде БАҚ-тан қолдау сұрайды! - деп жазды автор.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии