Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Алматыда манипулятор үш әйелді жаншып кетті

Оқиғаның екі нұсқасы бар.

Фото : st-prokat.ru15 мая 2019, 14:38

Алматыда манипулятордың қатысумен ТЖ орын алып, нәтижесінде үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгердің айтуынша, оқиға Әйгерім 1 шағын ауданында, "Снедь" дүкенінің жанында орын алған.

- Манипулятор 3 адамды жаншып өтіп, олардың барлығы жансақтау бөлімшесіне түсті. Манипулятордың тіреуіші шығып кетіп, ол осы тіреуішімен үш адамды қағып өтті. Аталған көлік тіреуіші шыққан күйде Рысқұлов пен Школьная көшелерінің қиылысынан бастап жүріп келе жатқан, куәгерлер бар, - дейді автор.

Ал inalmaty.kz порталы манипулятордың адамдарды жаншып өтпегенін, керісінше, оның құлап кетіп, әйелдерді жаншып тастаған жеткізді.

Құрылғыны ұстап тұратын тіреуіштер ағытылып кетіп, нәтижесінде үш әйелге зақым келтірген.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жапа шеккен адамдардың №7 Қалалық клиникалық ауруханасына жатқызылып, қазіргі таңда олардың жан сақтау бөлімшесінде екендігін хабарлап отыр. Ал клиникадағылар әйел адамдардың денсаулықтарына қатысты мәлімет беруге асығар емес.

- Сот-медициналық сараптамасын тағайындайтын боламыз, соған қарай оқиғаны бағалаймыз, - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии