Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Біреу Тоқаевты қолдап кеп қалса, екіншісі оның жағасынан алады

Әркімнің жеке пікірі мен көзқарасын ашық білдіруге толықтай қақысы бар.

Фото : Aspect3D/Shutterstock.com15 мая 2019, 11:04

Әркімнің жеке пікірі мен өзіндік көзқарасы болады және онысын ортаға салуға, ашық білдіруге толықтай қақысы бар. Демократияның ең қарапайым қағидасының бірі міне, осы, деп жазады facebook-те журналист Қуандық Шамахайұлы.

Оның ойынша, "әлеуметтік желіде тем более пікір алуандығы болуы керек".

– Мейлі, пікірі теріс бола ма, қателесе ме, көзқарасы қоғамда қалыптасқан инерцияны бұзып-жарып, ай далаға лағып кетсе де, несі болса да ашық айтқаны астыртын әрекет етуден әлде қайда пайдалы болса керек. Сондай-ақ, барлық адамның ойы бір жерден шығып, бәрі бір ғана көзқараспен айналаға баға беруге міндетті емес. Плюрализм деп аталатын пікіралуандығы қоғам болған соң кез келген ортада болуы керек қой. Әсіресе, Фэйсбүк секілді алуан түрлі пікір айтылатын алаңда тем более, – деп жазды ол.

Журналист сондай-ақ кеше ғана abai.kz порталында "Абай жолын" романын сынға алған ақын Мырзан Кенжебайды "мал", "ит-шошқа" деп тілдеп жатқандарды сынға алды.

– Қазір сайлауалды науқанында, біреу Тоқаевты, енді бірі Қосановты қолдап жатыр. Өзге үміткерлер жайында салыстырмалы түрде жұрттың үні бәсеңдеу секілді. Осыған байланысты бірі Тоқаевты қолдап кеп қалса, келесісі оның жағасынан ала кеп түседі. Саясаттан тыс әдебиеттің өзінде бір-біріне төзіммен қарау жоқ. Мырзан Кенжебай (Myrzan Kenjebai) ақын "Абай жолы" романын соншалықты үздік шығарма емес дегендей пікір білдіріп еді, оны "мал", "ит-шошқа" дей ме, ауыздарына келгенін айтып тілдеп жатыр. Саған ұнаған дүние оған да ұнауы тиіс пе? Ол солай бағаласа, сен өз пікіріңді айт. "Абай жолы" романы неліктен шедевр, қалайша таңдаулы туынды екендігін дәлелдеп, нақты мысалдармен көрсет, – делінеді жазбада.

Қысқасы, жұрттың бәрі бірдей ойлауға, бір ғана көзқараспен әлемді тануға тиіс емес, – деген ой салады ол,

– Елдің бәрі әлемді бір ғана көзқараспен тануға тиіс емес Олай болуға мүмкіндік те жоқ. Олай болса, біреудің өзгеше ой, пікірі үшін күйіп-пісудің де, ат төбеліндей қазақ бір бірімен қырық пышақ болудың да қажеті жоқ. "Кім менімен келіспесе, сол менің жауым" дейтін большевизмнің қағидасын ысырып тастап, либералдық ойлайтын уақыт жеткен жоқ па? Түрлі ойлар мен пікірлерге құрметпен қарауға үйренгеніміз абзал-ау, – деп аяқталады журналистің жазбасы.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии