Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Мәжіліс Төрағасы Грузияның вице-премьер министрімен кездесті

Жүздесу барысында парламентаралық ықпалдастықты нығайтуға да зор көңіл бөлінді.

Фото : ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі16 мая 2018, 16:48

Бүгін Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Грузияның вице Премьер-министрі, Сыртқы Істер министрі Михеил Джанелидземен кездесті. Бұл туралы zakon.kz ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Тараптар екіжақты қарым-қатынасты нығайтудың, соның ішінде сауда-экономкалық, мәдени-гуманитарлық, халықаралық байланысты дамытудың өзекті сұрақтарын талқылады.

Халықаралық ынтымақтастық төңірегінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық жағдайларды реттеуде елдер арасындағы өзара сенім мен сындарлы үнқатысуға айрықша назар аударатынын алға тарта келіп, Мәжіліс Спикері біздің мемлекеттеріміздің осы саладағы ұстанымдарының өте жақын екенін еске салды.

Осы ретте Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Президентінің БҰҰ аясында халықаралық лаңкестік пен экстремизмге қарсы іс-қимылдың бірыңғай әлемдік жүйесін құру туралы бастамасының маңыздылығына тоқталды. Н. Нығматулин атап өткендей, Қазақстан Грузиямен жан-жақты әріптестікті нығайтуға ерекше мән береді.

Өткен жылы екі ел арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 25 жыл толды. Осы уақыттарда өзара сыйластық пен сенім негізінде арадағы ықпалдастық тереңдей түсті.

Өз кезегінде мәртебелі мейман Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатындағы тұрақтылық пен таңданаралық қарқынды дамуы тек аймақтағы елдер емес, әлем елдеріне үлгі екенін жеткізді.

Жүздесу барысында парламентаралық ықпалдастықты нығайтуға да зор көңіл бөлінді.

Мәжіліс Төрағасы осы орайда ынтымақтастық жөніндегі топтар жұмысын күшейтуге назар аударды.

Айта кетейік, биылғы жылы, қазан айында Грузияда маңызды саяси науқан –Президент сайлауы өтеді.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии